Сарыағашта Қазақстандағы ең үлкен пицца пісірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарыағашта Қазақстандағы ең үлкен пицца пісірілді

01.04.2021

Сарыағаш қаласында Қазақстандағы ең үлкен пицца әзірленді. Оның ені мен ұзындығы 3 метр. Салмағы 50 келіден асады.

Пиццанының қамырын жайып, оны дайын етемін дегенше екі сағат уақыт өтті. Аспаздар пиццаны пісіру үшін 25 келі қамыр, 40 келі ірімшік, 30 келі шұжық және 18 келі шампинион әзірлеген. Ал оны пісіретін алып пешті жергілікті жердегі темір ұсталардың көмегімен құрастырған. Бүгінгі таңда көпшілік жеңсік ас санайтын пиццаның әзіренуін көпшілік тамашалады. Соған орай қайырымдылық шарасы да ұйымдастарылды. Арнайы шақырылған 15 мүміндігі шектеулі азамат пен жарымжан 10 бүлдіршін ата-анасымен дайын астан дәм татты. Аспаздар қалғанын жиылған жұртқа таратып берді. Шара соңында мүмкіндігі шектеулі азаматы бар отбасыларға азық-түлік себепттері табысталды.


Хабарламаларға жазылу