Басты Жаңалықтар Қазақстанда 25 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазақстанда 25 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазақстанда 25 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Өткен тәулікте коронавирустан 14 адам көз жұмды. 1873 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 246854-ке жеттi. 

Соңғы тәулікте 1219 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 220313. Қайтыс болғандар - 3060.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 156 адам ем қабылдап жатыр. 348 науқастың жағдайы ауыр.

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 93 адам дертке шалдығып, 4 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 50618 адамға пневмония диагнозы қойылды. 48251 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 692.

Ал бүгінде ел бойынша КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 137 346-ға жетті.

Бөлісу