Түркістан облысындағы картаға енбей қалған ауылдарға 750 гектар жер бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы картаға енбей қалған ауылдарға 750 гектар жер бөлінеді

31.03.2021

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы айқындалған кезде картаға енбей қалған Бағыс және Кескен ауылдарына 750 гектар жер бөлу туралы ұсыныс Сарыағаш ауданы мәслихатының сессиясында қабылданып, Түркістан облысы әкімі мен мәслихатының қарауына жолданды. Үш сатыдан тұратын бұл процесс облыс деңгейінде мақұлданған соң үкімет қаулысымен бекітілмек. Бұл туралы Ұлттық арнада көтерілген түйіткілді мәселеден соң аймаққа арнайы барған Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов тапсырма берген болатын. Елді мекендерге берілетін 750 гектардың 700-і жайылым жер. Қалғаны қос ауылдың аумағына енеді. Бөлінуі тиіс жер Өзбекстан Республикасының меншігінен алынып, ауданның қорына өткізіледі. Осылайша Бағыс ендігі жерде өздеріне тиесілі жер телімімен Ақжар ауыл округы құрамына, ал Кескен Құркелс ауыл округының қарамағына өткелі отыр. Бүгінде Бағыста 258, ал Кескенде 23 отбасы тұрып жатыр.

Шермат Ибрагимов, Сарыағаш ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы:
Түркістан облысының әкімдігі мен облыс мәслихатының қарауына ұсынылып, сессияға жіберілсін. Жіберілсін деген депутаттар дауыс беруді сұраймын. Қарсы, қалыс жоқ. Қабылданды.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу