Картада жоқ Бағыс ауылының мәселесі қашан шешіледі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Картада жоқ Бағыс ауылының мәселесі қашан шешіледі?

14.03.2021

Еліміз бен Өзбекстан шекарасындағы Түркістан облысы Бағыс ауылының түтін түтеткеніне 1 ғасырдан асқанымен картаға енбей, тұрғындарының жер телімін рәсімдей алмай жүргендеріне биыл тура 20 жыл. Мұнан бөлек, ауылдың әлеуметтік проблемасы да жетеді. Мектеп апатты, интернет жоқ. Осыдан 4-5 жыл бұрын тартылған газ құбырының игілігін де ел көре алмай отыр. Мемлекеттік шекара бойындағы «Бағыс» мемлекеттік шекара бойынша мәселе жоқ дегенді сеніммен айтқызбайтын ауыл. Бағыстың проблемасы ендігі шешілген шығар деп жүргенде әріптестер кезекті рет репортаж дайындайды. Біз репортаж жасаудан шаршамаймыз, ел шаршады.

Қараптан қарап тұрып қысыласың, сөйтесің де сыртқы істер министрлігіне қарайсың. Бағыс ауылына Ғани Қалмахан барып қайтты.


Хабарламаларға жазылу