Елімізде коронавирус инвекциясын жұқтыру деңгейі күн сайын артып барады. Тіпті жаздағы жағдай қайталануы мүмкін дейді мамандар. Ал індет жұқтырып, кеселден әрең жаны қалған науқастар сақтық шараларын барынша сақтауға шақырады.
Сәуле Қайсар, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
Мен былтыр маусым айында вирус жұқтырып, 2 аптадай қиналдым. Дәм мен иіс сезбедім. Мен үшін ғана емес, отбасым үшін де өте қиын кезең болды. Тіпті жақындарымыз, таныстарымыз өмірден өтіп жатты. Енді жағдай тағы ушығып жатыр дейді. Сондықтан сақ болыңыздаршы.