Қазақстанда 12 адамнан британдық штамм анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 12 адамнан британдық штамм анықталды

30.03.2021

12 адамнан британдық штам анықталды. Оның 8-і Алматыда болса, үшеуі Ақтөбе, біреуі Нұр-Сұлтанда тіркелді. Бұл 265 адамға жүргізілген экспресс-ПТР-скринингтің нәтижесі. Министрлік мұндай статистиканы күнде түзбейді. Тек арнайы зерттеу жүргізген. 

Елімізде жаңа штамдарды анықтайтын экспресс ПТР скринигтің жаңа әдісі енгізілді. Қортындысына сәйкес, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысынынан өзге өңірлерде «британдық», «оңтүстікафрикалық», «бразилиялық» штамға тән ықтимал мутация анықталды. Жаңа штамдардың симптомдары ұқсас, ал қауіптілігі сол өте жылдам тарайды. Ауру адамда ауыр өтеді, өлім қаупі жоғары. Вирустың осы ерекшеліктерін ескеру үшін мамандар арнайы зерттеу жүргізді. Британдық штамды жұқтырған 12 адамның сегізі шетелден келген жолаушылар. Мутацияланған ауруды емдеу протоколы да ортақ, дейді мамандар.

Ажар Ғинаят, ҚР Денсаулық вице-министрі:
Емдеу протоколы ортақ.

Вирусқа төтеп берер жалғыз қару екпе дейді - министр. Елімізде 130 мыңнан астам адамға екпе салынды. Бірақ бұл өте аз көрсеткіш. Сондықтан халықты жаппай вакцинациялау шаралары сәуірде күшеймек. Жуырда елімізге екпенің 2 жарым млн дозасы жеткізіледі. Ресейден бөлек, Америка, Қытаймен де келісім жүріп жатыр. Елде ақылы вакцинациялауға рұқсат берілген жоқ. Коммерциялық нарық мәселесі қарастырылып жатқан көрінеді. Ал отандық вакцина келер айдың соңына дейін қолданысқа берілуі мүмкін.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі: 
Отандық вакцина зерттеудің үшінші кезеңінде. Өздеріңіз білесіздер, біз өзге елдермен салыстырғанда кеш бастадық. Екпе келер айдың соңына кейін қолданысқа берілуі тиіс. Барлығы регламентке сәйкес жүруде. Осы орайда айтарым, вакцинациялау вирусты азайтудың жалғыз жолы екенін айта кеткім келеді. Қарсы көрсеткіштер болмаса екпе салдырғандарыңыз жөн.

Вирусты балалар арасында жұқтыру көрсеткіші осы айда бес пайызға артты. Ауырған бала саны 12 мыңнан асты. Десе де оқушылар оқуын тоқтатпайды. Осы соңғы тоқсанда «жасыл» және «сары» аймақтағы өңірлер аралас форматта білім алады. Бала саны 300-ден аспайтын мектептер білім беруді жалғастырады. Соңғы екі аптада елімізде вирустың таралу қарқыны 1 жарым есеге өсті. Әсіресе, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі жағдай мәз емес. Ал жағдайы ауыр науқастар өткен аймен салыстырғанда 32 пайызға артқан. Ескертуді елемей, карантинге бағынбайтындар жетерлік. Бұл тізімнің көшінде Шымкент Нұр-Сұлтан Алматы Жамбыл, Қостанай Павлодар облыстары тұр.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу