Елімізде екпе салдырғандардың саны 120 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде екпе салдырғандардың саны 120 мыңнан асты

29.03.2021

Елімізде екпе салдырғандардың саны 120 мыңнан асты. Оның 30 мыңнан астамы екінші компонентін алып үлгерді. Спутник V вакцинасын алғандар арасында асқыну жағдайлары байқалмаған. Бүгін баспасөз алаңында медицина саласының мамандары екпе жайлы түсініктеме берді. Олардың сөзінше аурудан айығудың ең тиімді озық әдісі вакцинация. Екпе тек алдын алып қана қоймайды, ауруды жұқтырған күннің өзінде індеттің ауыр түрінен, өлім қаупінен сақтайды. Халықтың шамамен 75 пайызы екпе салдырған жағдайда ғана ұжымдық иммунитет қалыптасуы мүмкін деп отыр сарапшылар. Ал екпеден кейін қандай да бір асқыну байқалса, ұлттық ғылыми орталық жанынан құрылған комиссияға шағымдануға болады. Жиынға АҚШ-тан қатысқан отандасымыз ондағы жағдайды баяндады.

Алмаз Шарман, Америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, профессор:
Мұнда адамдардың жауапкершілігі күшейген. Маска шешпейді. Көшеде полицей емес, халық бір бірін тәрбиелейді. Маска тақпасаң ескертіп кетеді. Қашықтық сақталады. Санитайзер әр аттам жерде тұр. Вакцина халықтың шамамен 28 пайызына салынды. Соның арқасында аурудың таралуы 3-4 пайызға, өлім 30 пайызға азайды.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу