Қазақстанға қытайлық Sinovac вакцинасының 3 млн дозасы жеткізіледі
Қазақстанға қытайлық Sinovac вакцинасының 3 млн дозасы және ковидпен ауырып, айыққандарға арналған «Спутник Лайт» вакцинасының 1 млн дозасы жеткізіледі. Қазір «Файзер» вакцинасын әкелу жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Қазіргі уақытта елімізге 150 мың доза әкелінуі тиіс. 750 мың екпе дозасы Қарағандыдағы зауытта өндірілді. Енді олар бір аптаның ішінде өңірлерге жіберілмек. Ал келер айда отандық зауыт тағы бір млн екпе дозасын шығармақ. Министрдің сөзінше, елде вакцина тапшылығы сезілмеуі тиіс. Сәуірде министрлік тарапынан онлайн есептеуіш құрылғы жұмыс істемек. Ол екпе салдырғандардың тізімін жасауға мүмкіндік бермек.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12