Алматыда коронавирус жұқтырған балалар саны күрт көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коронавирус жұқтырған балалар саны күрт көбейді

26.03.2021

Алматыда коронавирус жұқтырған балалар саны күрт көбейді. Әсіресе, мектепке дейінгі бүлдіршіндер арасында көрсеткіш 3 есеге ұлғайып отыр. Бір тәулікте инфекция 17 балғыннан табылған. Сондай-ақ, бір күнде онлайн оқып жатқан 28 оқушыдан қауіпті инфекция анықталған. Бұл - әдеттегіден 4 есе көп. Сондықтан, қала билігі ата-аналарға балаларының сақтық шараларын жіті ұстануын бақылауды сұрайды.

Сондай-ақ, мегаполисте күшейтілген карантинге қарамастан, бас санитар дәрігердің қаулысын елемейтіндер көп. Әсіресе, жасырын той өткізушілердің саны азаяр емес. Мәселен, мониторингтік топ екі қабатты зәулім үйде құдалықтың үстінен түсті. Алайда, топ мүшелерін ішке кіргізбегендер, артқы қызметтік есіктен шығып кетпек болған. Пәтерін жалға беріп отырған үй иесінің мұндай бас қосуларды жиі өткізіп келгені анықталды. Барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады.

Жәнібек Бекежанұлы, мониторингтік топ мүшесі:
Тойға қатысушы және ұйымдастырушы адамдарға ҚР Әкімшілік кодексінің 425-ші бабы бойынша хаттама толтырылады. Айыппұл көлемі 87 мың теңге көлемінде. Әр қатысушыға жеке-жеке салынатын болады. 

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу