Шымкентте карантин 12 сәуірге дейін ұзартылды. Топтасып жиын-той өткізуге болмайды, 65 жастан асқан егде адамдардың көшеде жүріп-тұруына шектеу енгізілді. Ал Ақтөбеде індет орта жастағы адамдар арасында етек алып барады. Ковид жұқтырғандардың орташа жасы 35-37.
Соңғы тәуліктерде облыста ауырғандар саны 40-50 адамнан түспей тұр. Өңір 2 күннен бері сары аймақта. Мамандар тұрғындардың сақтық шараларына әлі де немқұрайлы қарайтынын айтады. Мәселен, мейрам күндері көпшілік шаралар ұйымдастырғаны үшін 15 адам жауапкершілікке тартылған.
Маңғыстауда соңғы 10 күнде 12 оқушы мен 4 мұғалімнен коронавирус инфекциясы анықталды. Балалардың басым бөлігі мектепте оқиды. Сондықтан сыныптар карантинге жабылып, дезинфекциялық шаралар жүргізілді. Оқушылардың ауруды үйде жұқтырғаны беЛгілі болды. Жалпы оқу жылы басталғалы өңірде 150-ге жуық оқушы қатерлі індетке шалдықты.
Жақсыбек Кемал