Еуропа елдерінде карантин қайта күшейтілді
Еуропада ковидтің үшінші толқыны өршіп тұр. Вирусқа қарсы егетін вакцина тапшы болғандықтан, қарт құрлық елдері карантиндік шектеулерді күшейтуде. Шағын мемлекет Болгария індеттен қайтыс болғандардың саны бойынша Еуропада бірінші, әлемде екінші орынға шықты. Қарт құрлықтағы соңғы ахуалды баяндауға Нұрсұлу Қасым дайын.
Нұрсұлу Қасым, тілші:Коронавирусты Бельгияда бүгін бір тәулікте 6 мыңнан астам адам жұқтырған. Өткен аптамен салыстырғанда 37 пайызға көп. Сондықтан, сенбіден бастап елдегі шаштараздар, салондар мен мектептер бір айға жабылады. Сауда орындарының жұмысына да шектеу қойылды. Қарт құрлықта қазір британдық штамм тез таралып жатыр. Францияда, Париж ауруханаларында орын жоқ-деп дәрігерлер дабыл қағуда. Польшаның интенсивті терапия бөлімдері де науқастарға толған соң, 8 мың адамға есептелген далалық госпитальдар салынуда. Германияда да карантин 18 сәуірге дейін ұзартылды. Шетелден оралған норвегиялықтар бұдан былай арнайы қонақ үйлерде 10 күн оқшаулануы тиіс.Вакцинация әлі баяу жүріп жатыр. Себебі, екпе тапшы. Еуроодақтың 27 мемлекеті қаңтар мен наурыз айларында 106 млн доза вакцинаның орнына тек 40 млн доза алған. Швед пен британдық концерн AstraZeneca қарт құрлыққа уәде еткен дозаны әлі күнге жеткізген жоқ. Есесіне, Ұлыбритания мен өзге мемлекеттерге сұрағанын беріп отыр. Осыған наразы болған Еуропалық комиссия AstraZeneca-ның Еуропалық Одақ елдерінде шыққан вакцинасын үшінші мемлекеттерге экспорттауға тыйым салмақ. Вакцина тапшылығы, індетпен күрес мәселелерін қазір Одаққа мүше елдердің басшылары онлайн саммитте талқылап жатыр. Саммит ертең де жалғасады.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06