Енді туристерді ПТР тесттен өткізу құны туроператорлардың пакеттеріне кіреді. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бөрмеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия, «Атамекен» палатасы мен туроператорлар осындай шешімге келді. Осылайша шетел асып келген азаматтардың коронавирусқа ақылы тест жасауы міндеттеліп отыр. Яғни, туроператорлардың пакеттері бір адам үшін орташа есеппен 40 долларға қымбаттайды.
Айта кетейік, коронавирус жұқтырған туристердің 80 пайызы Мысыр, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктерінен келгені анықталған. Шетелге шыққаннан кейін Қазақстанға ПТР анықтамасымен ғана кіру талабы бұған дейін де болды. Алайда туристердің көбінде мұндай анықтама болмай жатады.
Виктория Ульянова, Туристік агенттіктің өкілі:
Сондықтан шетелге демалу үшін шығатындардың коронавирусқа ақылы тестін пакет құнына енгізуге мәжбүр болып отырмыз. Бұл вирустың таралу қаупін азайтуға сеп болуы тиіс. Туристердің көбі естіген кезде алдымен жақтырмай жатады. Бірақ бұл талап ұшақта отырғандардың бәрі тексерістен өткеніне кепіл екенін естігенде түсініктікпен қарай бастайды.
Альбина Әшім