Вакцина - қалыпты өмірге қайта оралудың жалғыз тәсілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакцина - қалыпты өмірге қайта оралудың жалғыз тәсілі

25.03.2021

Санитарлық талаптарды ескермеу, дұрыс қорғанбау – коронавирустың таралуына ықпалын тигізіп келеді. Шыны керек, халық бұған әлі күнге дейін немқұрайлы қарайды. Елдегі қауіп әлі де сейілер емес. Сондықтан вирустан сақтанудың ең тиімді әрі қауіпсіз жолы екпе екені сөзсіз. Алғашқы болып екпе салдырған медицина мамандары вакцина - қалыпты өмірге қайта оралудың жалғыз тәсілі деп отыр. 

Жансұлу Жұмаділова, Талғар аудандық орталық ауруханасының дәрігер-эпидемиологы:
Осы уақытқа дейін алған медицина қызметкерелерінің арасында асқынулар болған жоқ. Екпеден қорқудың қажеті жоқ. Сау адамдарға егіледі. Ең бірінші дәрігерге қаралады. Қандай да бір шектеулер болса екпе салынбайды. 

Әсет Қалиев,  облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Бұл ауруды қалай тоқтатуға болады? Кең көлемде таратпай тоқтатудың амалы тек қана тұрғындардың арасындағы иммунитетті қалыптастыру, кем дегенде 70 пайыз тұрғында иммунттет болғанда бұрын пандемияға дейін қалай болды сол өмірге қайта қайтуымызға болады, ол үшін максималды түрде вакцинациямен қамтуымыз керек.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу