Алматы дамуын талқылаған кеңесте Президент еліміздегі эпидемиялық ахуалдың тұрақсыз екенін айта келе, қала тұрғындары мен бизнес өкілдері індеттен сақтануға аса мән бермей, оны елемей жүргенін атап өтті. Сөйтіп, жалпы елді вакцина салғызуға шақырды. «Басқа жол жоқ», - деді Мемлекет басшысы.
COVID-19 бойынша соңғы мәліметтер. Денсаулық сақтау министрлігінің бүгін берген ақпары мынадай:
COVID-19 коронавирусы 1171 адамға жұққаны тестпен расталды. 18 адам қайтыс болған. Коронавирус пневмониясы 51 адамнан анықталған, 1 адам қайтыс болған. Бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов бәрімізді шектеулерді қатаң сақтауға, әсіресе Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына барудан бас тартуға шақырды.
Мерекені тек отбасымен, өз ошағыңызда өткізіңіздер дейді. Иә, елдің бас қалаларында эпидахуал ушығып тұр. Ауру жұқтырғандардың жартысынан көбі Нұр-Сұлтан мен Алматыда.