Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Жыл басынан бері ұйымдасқан сегіз қылмыстық топтың жолы кесілді. Оның екеуі - трансұлттық топ. Ал бюджет қаржысын жымқыру фактілері бойынша 125 қылмыстық іс қозғалған. Келтірген шығын 14 миллиард теңге. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов мемлекет басшысының қабылдауында айтты. Қаржы пирамидаларының жолын кесу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да баяндалды. Бүгінгі таңда күмәнді іс-әрекеттер бойынша 21 материал құқық қорғау органдарына жолданды. Бұдан бөлек, кәсіпкерлердің қылмыстық қудалауға түсуіне жол бермеу үшін қабылданған шаралар айтылды.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ардагерлер кеңесі 5 жылдық жоспарын бекітті
16.05.2026, 20:13
Зиянды шегірткелерді улауға дрондар қолданылады
16.05.2026, 20:12
Жыл бойы жұмыс істейтін тынығу лагері ашылды
16.05.2026, 20:10
Президент «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» туралы Жарлыққа қол қойды
16.05.2026, 20:09
Ауыл балаларына арналған заманауи технологиялық орталық ашылды
16.05.2026, 20:08
LRT алғашқы жолаушыларын тасымалдады
16.05.2026, 20:08
Қызылордада 600 отбасы баспаналы болды
16.05.2026, 20:04
Қазақстан инвестицияны көбірек тартуға ниетті
16.05.2026, 20:03