Қызылордада былтыр көлік жүргізушісін күш қолданып, мерт қылған 4 полицейге қатысты сот үкімі шықты. Қоғамда резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша бұрынғы тәртіп сақшылары кінәлі деп танылып, ауыр жаза арқалады.
Қайғылы оқиға өткен жылдың шілде айында болған. Инспекторлар қалада 43 жастағы көлік жүргізушісін тоқтатып, жол ережесін бұзып, масаң күйде тізгінге отырған деген айып таққан. Бірақ ол мұнымен келіспей, қарсылық білдіріп, сол жерде жанжал туындаған. Әл бермеген соң, сақшылар жақын маңдағы әріптестерін шақырып, жүргізушіге күш көрсетіп, қызметтік лауазымын асыра пайдаланған. Денсаулығына ауыр зиян келген жәбірленуші сол жерде көз жұмды. Сотталушылардың әрқайсысы 6 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Жұлдыз Жәкеева, Қызылорда қаласы №2 сотының судьясы:
10 жыл құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айыра отырып, сотталушылардың барлығына жазаларын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеу белгіленді. Материалдық шығынды ішінара қанағаттандылырып, моралдық шығын толық қанағаттандырылды. Яғни, моральдік шығын 10 миллион теңге. Материалдық шығын 1 млн 938 мың теңге.
Әділбек Серікұлы