Жаңаөзенге бөлінген газды ұрлағандар ұсталды
Жаңаөзенде сұйытылған газды ұрлағандар ұсталды. 55 тонна отын тиеген үш көлік қаладан шыға берісте тоқтатылды. Жаңаөзенде газ тапшылығын жойып, бағаны төмендету үшін, кеше «Қазақ газ өңдеу» зауыты 166 тонна сұйытылған газ бөлді. Нәтижесінде 1 литр газдың құны - 60 теңгеге түсті. Ұсталғандар- кәсіпкерлер, олар осы әкелінген отынды ұрлап бара жатқан. Бірақ, мониторинг топ жолдарын кесіп, газ Жаңаөзендегі бекеттерге таратылды. Облыстағы бекеттерге кешелі бері газ таратылып жатыр, дегенмен тапшылық әлі бар. Сондықтан, өңірге бірер күнде Ақтөбе облысынан 504 тонна сұйытылған газ жеткізіледі.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06