Премьер-Министр халықты вакцинамен қамтуды арттыруды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр халықты вакцинамен қамтуды арттыруды тапсырды

16.03.2021

Келесі айда созылмалы сырқаты бар және жасы 65-тен асқан адамдарға коронавирусқа қарсы вакцина егу басталады. Үкіметте елдегі эпидахуал жайлы баяндаған Денсаулық сақтау министрі осылай деп мәлімдеді. Ай соңында вакцинаның тағы 180 мың дозасы жеткізіледі. Қазір ковидті жұқтыру дерегі азайып келеді. Ал тұмау екі жарым есе кеміген. Бірақ босаңсуға болмайды. Министрдің болжамынша сәуірде тәулігіне 500-ден 1700 адамға дейін індет жұқтыруы ықтимал. Сондай-ақ халықаралық рейстер арқылы қазаннан бері елімізге шетелден миллионнан астам жолаушы келген. Бірақ олардан ковидтің ұлыбританиялық, оңтүстікафрикалық және бразилиялық штаммы тіркелген жоқ . Ал Үкімет басшысы халықты вакцинамен қамту жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі: 
Осы фактор пандемиямен күресте және экономикалық өсімді қалпына келтіруде аса маңызды болып табылады. Халық арасында вакцинация туралы дұрыс пікір қалыптастыру үшін қоғам мен медицина қызметкерлері арасында семинарлар ұйымдастыру керек. Денсаулық сақтау министрлігіне наурыз айының соңына дейін егу пункттерінің дайындығын қадағалап, вакцинаның қажетті көлемде жеткізу үшін барлық мәселелерді шешуді тапсырамын.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу