Жаңақорған ауданында қар құрсауында қалған ұсақ малдың нақты саны анықталып жатыр
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында қар құрсауында қалған 50-ден аса қой үсіп кеткен. Табиғат тосын мінез танытқан тау беткейіндегі жайылымда барлығы 5 мыңнан аса ұсақ мал болған.
Қарлы боранның салдарынан Сүттіқұдық, Қосүйеңкі, Қыраш ауылдарының шаруалары айтарлықтай зардап шегіп, біраз малы шығынға ұшырады. Ақ ұлпаның қалың түскені соншалық, қой-ешкілер астында көміліп қалған. Төлдерді қар құрсауынан іздеуге арнайы техника мен мамандар жұмылдырылды. Осы жағдайға байланысты аудан әкімдігінен арнайы комиссия құрылды. Жұмысшы топ өлген малдың нақты шығынын есептеп, өтемақы төлеу мәселесін қарамақ.
Ердулла Сұлтанбеков, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары:Бұл жерде өтемақы мәселесі Үкіметтің қаулысымен бекітілген талаптары бар. Бұл жерде комиссияның нақты шешімі шыққанан кейін белгілі болады. Қазіргі таңда қойшылармен байланыс бар. Жем-шөптері жеткізілді. Қазір қалыпты жағдайға түсті.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17