Алматыда соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы күніне 400 науқас тіркелгенін де айтып отыр.
Ал соңғы тәулікте 297 тұрғыннан вирус табылған. Дәрігерлер 131 науқастың жағдайы ауыр, 13 пациенттікін өте ауыр дейді. Ахуалдың ушығуына байланысты инфекциялық үш аурухана пайдалануға берілген. Сондай-ақ, мегаполисте вакцинациялаудың екінші кезеңі бойынша 6 мыңнан астам маман екпе алған. Олардың қатарында қауіпті аймақта жұмыс істейтін медицина қызметкерлері, оқытушылар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.
Сондай-ақ Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Екі азамат әлі де хал үстінде. Денесіндегі күйік пен алған ауыр жарақаттарына байланысты қандай да бір болжам айту қиын, қажетті ем-дом жасалуда, дейді қаланың бас дәрігері.
Нұрхан Нұрланұлы