Алматыда науқастардың 78 пайызы «дельта» штамын жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда науқастардың 78 пайызы «дельта» штамын жұқтырған

01.07.2021

Алматыда коронавирустың «дельта» штамын жұқтырғандар саны артып барады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров хабарлады. Қалада соңғы екі апта ішінде вирус жұқтыру көрсеткіші күрт өсті.  Алғашында «дельта» штамын жұқтырғандар жалпы науқастардың 23 пайызын қамтыса, бүгінде бұл көрсеткіш 78 пайызға жетті. Бұған дейін тәулігіне 144 ауру жұқтыру дерегі тіркелсе, қазір 300-ден асып отыр. Олардың басым бөлігінде ауру белгілері байқалған. Сондықтан, әкім орынбасары эпидемиологиялық жағдайға байланысты тұрғындарды жаппай екпе алуға шақырды.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу