Алматыда экологиялық журналистика бойынша оқыту курстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда экологиялық журналистика бойынша оқыту курстары басталды

15.03.2021

Қоршаған орта - тілшілер көзімен! Алматыда экологиялық журналистика бойынша оқыту курстары басталды. Шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен өткізіліп жатыр. 5 күн бойы республикалық және өңірлік ақпарат құралдарының қызметкерлеріне білікті мамандар дәріс береді. Шараның мақсаты - экологиялық сауаттылықты арттыру. Сондай-ақ саладағы мәселелерді халыққа сауатты, түсінікті әрі жан-жақты жеткізуіне үйрету. «Журналистерді ұдайы жаңа біліммен жарақтандыру экологияық тәрбиенің қалыптасуына да сеп болмақ», -дейді ұйымдастырушылар.  

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу