Азық-түлік бағасының ырық бермеуінің бір себебі – импортқа тәуелділік. «Аграрлы елміз, болашақта аграрлы алып мемлекетке айналамыз» дегеннің несіне күлбелтелейміз, қиял екені шын. Алғышарт бар, әлеует бар, бірақ әрекетжұмсартып айтқанда шашыраңқы және лобби күресі бар.
Біздің уақытта ғылымсыз ешнәрсе дамымайды. Ал ғылымға, оның ішінде аграрлық ғылымға жақсылап қаржы бөлініп, қомақты инвестиция құйылып жатқанын байқамадық. Керісінше, күмәнді жобалар бар. Осы аптада біздің арнаның жаңалықтарынан Атырауда «теңдесі жоқ индустриялық жоба» деп ашылған фермада америкадан әкелінген асыл тұқымды 900-ден аса сиырдың қырылып, кәсіпорынның жабылуға шақ тұрғанын сипаттайтын сюжет өтті. Малдың неден өлгені де белгісіз.
Саланы бір кісідей жақсы білетін Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаевпен сұхбат.