Жерді шетелдіктерге жалға беруге және сатуға тыйым салатын заң жобасы Парламентке жолданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерді шетелдіктерге жалға беруге және сатуға тыйым салатын заң жобасы Парламентке жолданды

14.03.2021

Президент Конституцияға сәйкес, өзінің заң шығару бастамасын пайдаланып, бұл мәселенің нүктесін қойды. Жер шетелдіктерге сатылмайтынын, бұл оның принципті ұстанымы екенін, мәселені одан әрі өрбіте беруді тоқтату керектігін Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін бірнеше рет мәлімдеген-ді.

25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Президент ауыл шаруашылығы жерлерін шетел азаматтарына және заңды тұлғаларына жалға беруге, сатуға тыйым салуды заңмен бекітуді тапсырды. Президент әкімшілігі қысқа мерзімде заң жобасын әзірлеп, құжат кеше Парламентке жіберілді. Еске салсақ, мемлекет меншігіндегі жерлерді жалға беру және сатуды реттейтін Жер кодексінің 24-ші бабына халық наразылық танытып, құжатқа мораторий салынған еді. Шектеу 2021 жылдың 31-ші желтоқсанында күшін жою тиіс болатын.


Хабарламаларға жазылу