Трансұлттық қылмыстық топ құрамында құқыққорғаушылар да болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трансұлттық қылмыстық топ құрамында құқыққорғаушылар да болған

12.03.2021

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан, Павлодар, Алматы мен Семей қалаларында арнайы операция жүргізіп, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған ұйымдасқан топтың 16 мүшесін қолға түсірді. Кеше біз алтын рудасын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды деген бейресми ақпараттың желіде тарап кеткенін хабарлаған болатынбыз. Бүгін құзырлы орган бұл жайлы ресми мәлімет таратты. Қылмыстық топтың құрамына құқық қорғау органдарында қызмет ететін және бұрын қызмет еткендер де кірген. Олардан ірі сомадағы ақша, байланыс құралдары және өзге де айғақты заттар тәркіленген. Жедел-тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі:
Ұсталған топтың 16 қатысушысына адам ұрлау, бопсалау, кісі өлтіруге оқталу, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінен құрамында алтыны бар шикізатты ұрлау және оның ҚР шегінен тыс контрабандасы, сондай-ақ трансұлттық қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау айыптары тағылып отыр.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу