ШҚО-да 2 дәрігердің өмірін қиған жол апаты бойынша сараптама жүргізіліп жатыр
Ақтөбе облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты.
Полиция департаменті мамандарының хабарлауынша, Мұғалжар ауданы Ақкемір кентінің маңында «Honda» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Сөйтіп, Темір аудандық ауруханасына тиесілі «УАЗ» автокөлігіне соғылған. Оқиға салдарынан жеңіл көлікте болған 54 жастағы жолаушы қаза тапты.
Ерболат Сарқұлов, Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:«Honda CRV» автокөлігінің жүргізушісі мен «УАЗ» жедел жәрдем автокөлігінің медбикесі ОАА-ға жатқызылды.Қазіргі таңда осы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.
Осыған ұқсас жағдай бір ай бұрын Шығыс Қазақстан облысында да болған. «Өскемен-Семей» тас жолында жүк көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, жедел жәрдем көлігіне соғылған. Апат салдарынан екі медицина қызметкері оқиға орнында көз жұмған еді. Қазір іс өндірісте. Әлі сараптама жүргізіліп жатыр.
Жақсыбек Кемал, Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемені өсірді
17.09.2026, 19:46
Ұрпағын аялай білген халық іргелі жұртқа айналатыны белгілі
17.09.2026, 18:17
Оралда тәрбиелік-спорттық іс-шара өтті
17.09.2026, 17:25
Алматы облысында көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
17.09.2026, 17:22