Ақпанда еліміздің жалпы ішкі өнімі минус 2,9% болды - министр
Ақпанда еліміздің жалпы ішкі өнімі минус 2,9%-ды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді.
«2021 жылғы қаңтар-ақпанда макроэкономикалық көрсеткіштер оң үдерісті көрсетті. Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты секторда өсім 6,3 пайызға дейін жеделдеді. Негізгі капиталға инвестиция кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, 13,3 пайызға өсті. Жылдық инфляция 7,4 пайыз деңгейінде сақталды», - деді министр.
Айтуынша, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны осы жылғы қаңтардағы минус 4,5 пайыздан қаңтар-ақпанда минус 2,9 пайызға дейін жақсарды. Жалпы, кен өндіру өнеркәсібінен басқа, нақты сектордың барлық саласы тұрақты өсім көрсеткен.
Сондай-ақ министр Халықаралық рейтинг агенттіктері 2021 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсуін 3,2-3,8% деңгейінде болжап отырғанын жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Газ баллондарының қауіпсіздігі: Құтқарушылар ескерту жасады
20.03.2026, 20:50
Ұшақта толғағы қысқан әйелге дәрігер көмек көрсетті
20.03.2026, 20:48
Премьер-министр Аралдың айналасын көгалдандыруды күшейту керектігін тапсырды
20.03.2026, 20:46
Тарихи ескерткіш маңына ағаш отырғызылды
20.03.2026, 20:44
Жаңа Конституция: Қазақстан заманауи мемлекеттік-саяси үлгіге көшті
20.03.2026, 20:43
Сарапшы: Мәслихат пен жергілікті атқарушы билік жұмысы үйлестіріледі
20.03.2026, 20:42
«Миранда» қағидаты адам құқығын қорғаудың кепілі
20.03.2026, 20:41
Әлем жаңалықтарына шолу
20.03.2026, 20:15