Ақтөбедегі пойыздарды басқару орталығы нәтижелі жұмыс істеуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі пойыздарды басқару орталығы нәтижелі жұмыс істеуде

09.03.2021

Ақтөбедегі пойыздарды басқару орталығында «Цифрлық трансформация» арқылы Ақтөбе, Атырау, Батыс қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы пойыздар қозғалысы бақыланады.  

Желілік байланыс ғаламторға тәуелді емес. Демек, қауіпсіздік мәселесі оңтайлы шешілген. Жаңа жоба локомотивтер мен вагондарға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Қазір мұнда 250-ден аса білікті маман жұмыс істеп жатыр. Олардың көбі көрші облыстардан келген. Барлығы жұмыс беруші тарапынан баспанамен қамтылды.  

Серік Әбденов, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
Автоматтандырудың арқасында жалпы жолдағы ситуация, әр станциядағы жағдай осы орталыққа бірден келеді. Тиісті байланыс каналдарымен. Осы жердегі диспечерлер шешімді қабылдай береді. Станцияда бұрынғыдай адам қажетсіз болып қалды. Бұл өте үлкен, ірі жоба. Негізгісі теміржолдағы үлкен ірі көш деп айтуға болады бұл жобаны.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу