Қостанай облысында 114 көпбалалы отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 114 көпбалалы отбасы баспаналы болды

09.03.2021

2020 жылы Қостанай облысында баспанаға мұқтаж жандарға арналып 25 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынған. Яғни, 378 пәтер пайдалануге берілді. Оның 114-тіне көпбалалы отбасылар қоныстанған. Жаңа баспанасына кіріп, қуанышқа кенелген отбасылардың бірінде Дәуренбек Әбдібек болып қайтты. 

2-сыныпта оқитын Томирис өзінің жеке бөлмесін жабдықтауды асыға күтіп жүр. Қоспановтар отбасының бес қабатты жаңа үйден берілген үш бөлмелі пәтерге қоныстандарына екі айдан енді асты. Бес баланың анасы Айжамал үйдің кезегінде 10 жыл тұрған. 

Айжамал Қоспанова, көпбалалы ана:
Күзде кезегімді білмекші болдым. Маған өздері қоңырау шалды. Кілтіңізді алып кетіңіз деп. Қуанып кеттім. 

Бүгінде Айжамал Қоспанова көпбалалы аналарға тиесілі жәрдемның бәрін алып отыр. Мұның сыртында балалар мектептен тегін тамақтанады, қыстық жылы киім алуға да көмек көрсетіледі. Онлайн оқуға қажетті ноутбуктар да берілген. Қазір облыс бойынша 24 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр. Оның 900-і Айжамал тәрізді көпбалалы аналар. 

Мәди Өтегенов, облыстық Құрлыс-сәулет басқармасының бөлім басшысы:
XXI жылғы жоспар бойынша облыста 30 мың шаршы метр болатын 457 пәтерді қолданысқа беріледі. Қонай шағын ауданында 45 пәтерлі бір үй, әуежай шағын ауданында 108 пәтерлі үй және аудандарымызда, қаларымызда да үйлер тұрғызылып жатыр. 

Бұл мақсатқа биыл 2 млдр 300 млн теңге қарастырылған. Оның 700 млн-ы облыс бюджетінен, қалғаны ел қазынасынан бөлінеді. Жаңа пәтерлер жергілікті әкімдіктердің шешімімен мұқтаж жандарға кезек бойынша беріледі.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу