Алматыда студентті өлтірді деген күдікпен мектеп оқушысы ұсталды

15.08.2018

Қазір Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеу жүріп жатыр. Күдікті ретінде ұсталған 2002 жылы туған жеткіншек уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал, құқық қорғау орындары мамандарының айтуынша, балалардың арасында кикілжің туындап, арты төбелеске ұласқан. Бір-біріне жұдырық ала жүгірген жастардың қақтығысы қайғылы оқиғамен аяқталды. Ал, биыл ғана мектеп бітіріп, студент атануға аз қалған 18 жастағы жігіт жедел-жәрдем көлігі жеткенше көз жұмған.

Салтанат Әзірбек, қалалық Ішкі істер бөлімінің ресми өкілі:

- Жастар арасында төбелес болған. Бір-бірін бұрыннан танитын балалар екен. Сөзге келісе алмай, төбелес салдарынан оқиғаға қатысушының бірі көз жұмды. Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысы болуы мүмкін тағы да басқа тұлғалар айқындалу үстінде.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу