Екібастұзда 7 жастағы қызын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда 7 жастағы қызын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды

20.11.2023

Екібастұзда 7 жастағы бүлдіршінді өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды. Ол жауапкершіліктен жалтару үшін балам жоғалып кетті деп полицияға арыз түсірген. Тіпті, қаладан 1,5 шақырым жерде бейтаныс адамдар көріпті деп жалған бағдар берген. Іңір байланбай әрі ауа райы күрт өзгере бастағандықтан құқық қорғау органдарынан бөлек Милана Давыдованы іздеуге 500-ден аса ерікті қатысты. Төтенше жағдайлар қызметінің тікұшағы көтерілді. Бірақ нәтиже болмады. Тек полиция жедел іздестіруден бөлек тергеу іс-шараларын жүргізуді бастаған соң күдіктілер бүлдіршінді абайсызда өлтіріп алып, көміп тастағандарын мойындады. Қазір күдіктілердің үстінен қылмыстық кодексінің 99-шы бабы 3-ші бөлігі адам өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу