Елдегі 600-ден аса балабақшада ыстық су жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі 600-ден аса балабақшада ыстық су жоқ

07.03.2021

Елімізде балабақша жетпейді. Бұл салаға ІЖӨ 0,1 проценті жұмсалады екен. Дегенмен ресми мәлімет бойынша 2 мен 6 жас аралығындағы балалардың 80 проценті мектепке дейінгі білім берумен қамтылған. Алайда ауылдарда олардың жартысы бірнеше сағатқа ғана ашылатын шағын орталықтар. Мәселе онда да емес. 

Апаттық жағдайдағы ғимаратта жұмыс істеп тұрғандары бар. Канализация, ыстық су туралы үндемедік. Материалдық-техникалық базаның нашарлығына өз алдына, ең жаманы - білікті тәрбиеші аз. Материалдық базасы жақын арада жақсармайтыны белгілі. Ал көп жоқты толтыратын тұлға-тәлімгерді қалай көбейтеміз? Оны айтасыз, осы аптада тәрбиеші баланы лақтырып жібергені көрінетін бейнежазба тарады. Дірілдеп-қалшылдаған, жүйкесі жұқарған тәрбиешілер оқтын-оқтын бейнекамераға түсіп қалады. Түсіп қалмайтындары да бар-ау... Мәселені Ақерке Бектас сараптайды. 

Хабарламаларға жазылу