Азық-түлік бағасы неге тоқтаусыз өсіп жатыр - сараптама - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлік бағасы неге тоқтаусыз өсіп жатыр - сараптама

07.03.2021

Ақтөбе қаласының тұрғыны Мәлика апа қанттың келісін жазда 170 теңгеге алса, қазір 265 теңгеге алатынын айтты. Мұндай аһ ұрған дауыстар қатты шыға бастады. Үкімет азық-түлік бағасының өсуін талқылады. Иә, бір жылда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,6 процентке қымбаттаған. Ал ол тізімдегі 19 тауардың 8-і 30 пайызға бір-ақ секірген. Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов «бағаны реттей алмай отырған облыстар әкімдерінің орынбасарларын жазалау» керек деп есептейді. Министр тұрақтандыру қорларын тиімді пайдаланса, бұлай болмас еді дегенге меңзиді. 

Алайда тұрақтандыру қорлары шын мәнінде әдейі ашпай отырған қойма ма? Себебі сол қорлардың бюджеті мардымсыз. Онда қымбатшылықтың себебі не? Мәселе импортқа тәуелділікте емес пе? 

Әркім өз күнін өзі көруі керек, бұл - нарық заңы дейтін өкімет шын мәнінде нарықтық экономиканы өзі құра алмай отыр, себебі экономиканың 65 пайызы ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік сектордың үлесінде дейтін экономистер, жағдайды «бүкіл тауарын бір ғана қоймадан тасып сататын бір ғана дүкені бар ауылдағы ахуалға ұқсайды» деп сипаттайды. Проблеманы Азамат Алдоңғар талдап көрді.   

Хабарламаларға жазылу