Алматыда 13 мың кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істеуге ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 13 мың кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істеуге ниетті

05.03.2021

Алматыда 13 мың кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істеуге ниетті. Бұл туралы қаланың бас санитары хабарлады. Қазір 25 мекеме осы қосымша арқылы қызмет көрсетуге кірісті. Ал нысандарға кіру үшін келушілерге ПЦР тест тапсырудың қажеті жоқ. Жандарбек Бекшиннің сөзінше, вирус жоқтығын дәлелдейтін құжат түрлі жарысқа қатысушылар мен шетел асатындарда болуы тиіс. Сондай-ақ бас санитар «Ashyq» қосымшасы арқылы тексерілетін мәліметтер қайда жіберілетіндігін де атап өтті.

Жандарбек Бекшин, қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері:
Жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы алынған мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігіндегі орталық серверге жіберіледі. Қазір шара қабылдау үшін арнайы алгоритм ойластырылып жатыр. Бизнес нысандары тек ереже бұзушыларды анықтайды.

Хабарламаларға жазылу