Қостанай облысында бір күнде төрт жұмыскер қаза тапты
Қайғылы оқиға Аманкелді және Алтынсарин аудандарында болған. Аманкелдіде қазылған ордың ішіне су құбырын төсеп жатқан жұмысшының үстіне топырақ құлап кеткен. Оның өмірін арашалап қалу мүмкін болмады. Ал, Алтынсарин ауданында «Теміржол Су – Қостанай» кәсіпорнының қызметкерлері Шоқай ауылының су желісіндегі ақауды жөндемек болған. Арада біраз уақыт өткенде үшеуінің өлі денесі желі бойындағы құдықтан табылды. Төртінші қызметкер тірі қалды. Аудандық ауруханада алғашқы көмек көрсетілді. Қазір ол Қостанайдағы қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Бақытжан Макеев, Қостанай облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:
- Болжам бойынша жұмыскерлер құдық түбіне жиналған улы газдан зардап шеккен болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиға орнында қайғылы жағдайдың себебін анықтау мақсатында арнайы комиссия мүшелері жұмыс істеп жатыр. Мәселенің мән-жайын тексеру қорытындысы шыққан соң ғана нақты айта аламыз.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы