Түркістан облысында 4 тойхана сот шешімімен уақытша жабылды
Түркістан облысында карантин талаптары едәуір жеңілдетілді. Бұдан былай мектептерде бастауыш сыныптар толықтай дәстүрлі оқу форматына көшірілсе, мешіттерде жұма намазын оқуға рұқсат етілді. Спорттық шараларды 20%-ға дейін сыйымдылықпен және еске алу шарасын 50 адамнан асырмай өткізуге болады.
Сондай-ақ сауда орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылып, бильярд клубтарының қызметіне рұқсат берілді. Ал мейрамхана мен дәмханалар сияқты қоғамдық тамақтану орындары түнгі он екіге дейін істейді. Десе де өңірде тұрғындар той өткізу мен көкпар ұйымдастыруды тоқтатпай отыр. Жыл басынан бері 35 көкпар анықталса, 10 тойхананы уақытша жабуға қатысты құжаттар экономикалық сотқа өткізілген.
Нұрбек Нышанов, Түркістан облысының бас санитар-дәрігері:
Қазір 4 тойхананың жұмысын соттың шешімімен бір айға тоқтаттық. Кеше ғана осы Түркістан қаласындағы екі тойхананың шешімі шықты. Ал, қалғандарында берілген баянат негізінде әкімшілік іс қозғалды.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09