Белградта «Қазақ-серб достығы» аллеясы ашылды
Белградта «Қазақ-серб достығы» аллеясы ашылды. Шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Достық аллесы – 2016 жылы бой көтерген Жамбыл Жабаев атамыздың ескерткіші жанында орын тепкен. Еліміздің Сербиядағы елшісі Ғабит Сыздықбеков, Белград қаласының әкімі мен қазақ диаспорасының өкілдері жаңа саябаққа бірнеше түп ағаш отырғызды. Жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдық мерейтойына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жыл соңына дейін Сербияда тағы екі Қазақстан саябағы ашылмақ.
Зоран Радойичич, Белград қаласының әкімі:
Қазақтың ұлы ақыны, әйгілі тұлғасы Жамбыл Жабаевтың ескерткіші жанына жасыл-желек отырғызып, саябақ ашу-біз үшін үлкен құрмет. Бұл екі ел арасындағы достықты нығайтып, шаһарымызды одан сайын көрікті етері сөзсіз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04