Коронавирусқа қарсы екпені балабақша тәрбиешілері де алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа қарсы екпені балабақша тәрбиешілері де алады

01.03.2021

Бүгін Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды. Коронавирусқа қарсы екпені балабақша тәрбиешілері де алады. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 15 мың адамды қамту жоспарланған. Вакциналау үшін 36 медициналық көмек ұйымдарында екпе егу бөлмелері жасақталған. 1 ақпаннан еліміз бойынша 20 741 адам, оның ішінде бас қалада 2 126 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Айта кетерлігі, жыл соңына дейін«Спутник V» вакцинасын 6 млн адамға салу жоспарланған.

Зибагүл Қаратаева, мұғалім:
Өзімнің денсаулығымды сақтап қалғым келеді. Сондықтан мен өз еркіммен келдім. Қуаныш сезім. Өйткені вакцинаны алғаннан кейін жағдай жақсарады. Оның бәрін біз оқыдық, білдік.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу