«Мың алғыс» телемарафонында көмекке мұқтаж жандарға 22 млн теңге жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мың алғыс» телемарафонында көмекке мұқтаж жандарға 22 млн теңге жиналды

01.03.2021
«Мың алғыс» телемарафонында көмекке мұқтаж жандарға 22 млн теңге жиналды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Алғыс айту күніне және Қазақ радиосының 100 жылдығына орай өткізген «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонында көмекке мұқтаж жандар үшін 22 млн 200 мың теңге қаражат жиналды.

Таңғы сағат 09.30-да басталған телемарафон барысында көпшіліктің қолдауымен остеогенез сырқатына дауа іздеген бір отбасының балалары, 10 және 12 жастағы Нұрислам мен Балнұр Жұматайға, созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан журналист Бағдат Мұхтарұлына, Түркия ауруханасында лейкозбен күресіп жатқан 3 жастағы ақтаулық Ләйлә Бақтыбаеваға, тобығы өкшесіне бітіп, бел омыртқасы айқасып туған 8 жастағы қызылордалық Зарина Ниязбектің есепшоты жарияланып, көпшілік көмек қолын ұсынды.




Сонымен қатар телемарафон барысында Ресейден 18 жылдан бері еліне жете алмай жүрген қазақстандық азамат Тенгиз Висаитов Қарағандыда тұратын анасы Марет Висаитовмен жүздесті. «Харекет» қайырымдылық қорының директоры Гүлмира Мұқанқызы студияда тағдырдың тауқыметін көріп, қайта қауышқан жандарға 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.



«Мың алғыс» қайырымдылық жобасы 2018 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Шараның негізгі мақсаты - көмекке мұқтаж жандарға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, мейірімділікті, қайырымдылықты насихаттау, қайырымды жандарға алғыс айту.



Мың алғыс қайырымдылық телемарафоны

Хабарламаларға жазылу