Қазақстан халқы Ассамблеясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап жиын өткізді
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Алғыс айту күнінің 5 жылдығына орай Қазақстан халқы Ассамблеясы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары мен Ассамблея атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қатысты. Жиында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толығымен ақтау, қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі мәртебесін көтеру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, дөңгелек үстел аясында «Тұңғыш Президент жолымен – бейбітшілік пен келісімге 30 жыл» атты халық экспедициясы» жобасының, «Қайырымдылық керуені: 30 игі іс» қайырымдылық марафонының тұсаукесері өтті.
Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:Этносаралық келісім, қоғамдық бейбітшілік пен тұрақтылық Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мызғымас үш ұстанымына және саяси философиясының берік тұғырына айналды. Елбасының осы сарабдал саяси ұстанымын бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев терең пайыммен, орнықты бағытпен, тағлымы мол сабақтастықпен дәйекті түрде жалғастырып отыр.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06