Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселесі талқыланды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары мен Ассамблея атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қатысты.
Жиында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толығымен ақтау, қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі мәртебесін көтеру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, дөңгелек үстел аясында «Тұңғыш Президент жолымен – бейбітшілік пен келісімге 30 жыл» атты халық экспедициясы» жобасының, «Қайырымдылық керуені: 30 игі іс» қайырымдылық марафонының тұсаукесері өтті.
Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
Этносаралық келісім, қоғамдық бейбітшілік пен тұрақтылық Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мызғымас үш ұстанымына және саяси философиясының берік тұғырына айналды. Елбасының осы сарабдал саяси ұстанымын бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев терең пайыммен, орнықты бағытпен, тағлымы мол сабақтастықпен дәйекті түрде жалғастырып отыр.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17