Жыр алыбы Жамбылдың мерейтойы лайықты деңгейде тойланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыр алыбы Жамбылдың мерейтойы лайықты деңгейде тойланады

25.02.2021

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев «Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі» комиссияның алғашқы отырысын өткізді. Жиында ұлы жыраудың мұралары әлемдік мәдениеттің алтын қорына енгізілгенін айырықша атап өтті. Мәдениет және спорт министрі, Алматы және Жамбыл облыстарының әкімдері мен Жазушылар одағының төрағасы жоспарланған іс-шаралар туралы мәлімдеді. Республика бойынша 500-ге жуық әлеуметтік, ғылыми- танымдық шаралар өткізу жоспарда бар. Ақын өмірінен деректі фильм түсіру, жинақтарын шығару, айтыстар мен әдеби конкурстар, кітап көрмелерін ұйымдастыру, мерейтойлық монета, пошта маркасын әзірлеу кезек күттірмейтін шаруа. Мемлекеттік хатшы Үкіметке бұл шаралардың ақпараттық қолдау табуын қамтамасыз етуді тапсырды. Ал облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдеріне мерейтойды атап өту жоспарларын әзірлеп, бекітуді және орындалуын қадағалауды міндеттеді. 

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу