Қарағанды облысында боранға байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылып, көлік қатынасы тоқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында боранға байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылып, көлік қатынасы тоқтады

25.02.2021

Қарағанды облысында да ат құлағы көрінбейтін боран соғып тұр. Барлық бағыттағы жолдар жабылды. Тіпті Қарағандыға тиіп тұрған Теміртау қаласына қатынас тоқтады. Ақтүтек боран салдарынан жүргізушілерге бағытты бағдарлау мүлде мүмкін болмай қалған. Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептерде де сабақ доғарылды. Жолға шығуға тыйым салынды. Шет ауданының Батық елді мекеніне жетпей, көлігі сынып қалған тұрғын құлағын үсіріп алған. Жалпы қар құрсауында қалған 63 адам құтқарылып, жылыту орындарына жеткізілген. Оның 7-еуі - бала. Қазір бекеттерден сыртқа көліктер жіберілмей жатыр. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу