Маңғыстауда жаңа мұнай кен орны ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда жаңа мұнай кен орны ашылды

25.02.2021

Маңғыстауда 30 жылда алғаш рет жаңа мұнай кен орны ашылды. Қара алтынның мол қоры Бейнеу мен Маңғыстау аудандарының аумағындағы Тепке учаскесінен табылды. Геологтар барлау жұмыстарын 3 жыл бойы жүргізді. Нәтижесінде ақпан айының басында алғашқы ұңғымадан мұнай атқылады. Алынған сынамалар мұнай сапасының өте жоғары, жеңіл әрі, құрамында күкірт жоқ екенін көрсетті. Басқа да параметрлері бойынша ірі кен орны болады деген болжам бар. 

Балтабек Қуандықов, геология және минералогия ғылымдарының докторы:
Геологиялық-геофизикалық материалдарға қарасақ, мұнайдың өлшемі миллиметрлік штуцель бойынша шамамен 130-140 куб. Қазіргі Өзендегі, Жетібай, Қаламқас және басқа да кен орындарымен салыстырып қарағанда, бір жерде де ондай өнім беретін скважина жоқ. 

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу