Байқоңырда алаяқтар жоғалған баланы іздеуге жұрттан қаржы жинаған
Байқоңырда із-түзсіз жоғалған баланы іздеу шаралары бүгін төртінші тәулікке ұласты. Құтқарушылар Сырдың бойын жағалап, өзеннің төменгі сағасы Қазалы ауданына дейінгі аралықты қарап жатыр. Әзірге нәтиже жоқ. Ең сорақысы, бәзбіреулер әлеуметтік желі арқылы жасөспірімді іздеуге жұрттан қаржы жинап, пайда табуға кіріскен. Алаяқтар сүңгуірлерге сағатына 25 мың теңге төленетінін және неше күннен бері үлкен соманы тауып беруге ата-анасының мүмкіндігі жетпейтіні туралы жалған хабарлама таратып, көпшіліктен қаржылай көмек сұраған. Біреудің қайғысынан ақша табуды көздегендерді қазір құқық қорғаушылар анықтауда. Ал мамандар халықты алаяқтарға алданып қалмауға шақырады.
Саид Молдақараев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:Облыс халқына және тұрғындарына айтып ескертетініміз, біздің ТЖД құтқарушыларының қызметі тегін, ешқандай ақы берудің керегі жоқ. Ескертетініміз, осындай, алаяқтардың арбауына түсіп қалмасын дейміз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12