Коммуналдық тариф шамамен 4%-ке қымбаттаған
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әсіресе қоқыс шығару қызметінің құны бір жылда 19 процентке өскен. Оның орташа тарифі былтыр 173 теңгені көрсетсе, биыл 264 теңгеге көтерілді. Тұрғын үйге жөндеу жүргізу, қызмет көрсету құны 6%, жарық бағасы 5%-ке өсті. Судың бағасы текше метріне 70 теңгеге дейін қымбаттаған. Бұған дейін ауыз су тарифі елді мекендерде қаладан қымбат екенін айтқанбыз. Суға қатысты өзгерту енгізілген Кодекске Президент қол қойған еді. Ауылдардағы судың құнын арзандату үшін шығынның бір бөлігін мемлекет өтейді.
Мақсат Сералы, экономист, «Атамекен» ҰКП өкілі:Ауылдың өмір сүру деңгейі әртүрлі. Экономикалық белсенді топтар аз. Орташа жалақы деңгейі де аз. Сондықтан әр ауылды аймақ қаражатына сәйкесінше коммуналдық тарифтерді бекіту керек.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10