Солтүстік Қазақстан облысында Жезқазған-Петропавл автожолында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды. Қайтыс болған 45 жастағы азамат, ВАЗ көлігінің жүргізушісі. Аураханаға жеткізілгендердің арасында 6 жасар бала бар. Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ал Қостанай облысында ауа райы тағы бұзылды. Аяз 23 градусқа дейін көтерілді. Желдің жылдамдығы секундына 13 метрге жетіп, қар жауып боран соғып тұр. Осыған байланысты бірнеше бағыттағы жолдар жабылды. Екінші ауысымда мектептерде сабақ болмайды. Балалар қашықтан оқуға көшті.
Ақмола облысында да боранға байланысты жолдар жабылып, барлық көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынды. Бастауыш сынып оқушыларына сабақ доғарылды. Желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді. Синоптиктердің айтуынша, осындай ауа райы алдағы күндері де сақталады. Сондықтан мамандар жол шықпауға кеңес береді.
Сағындық Сәбитұлы