Жаңатас қаласында қайғы жамылған отбасына үш бөлмелі пәтер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңатас қаласында қайғы жамылған отбасына үш бөлмелі пәтер берілді

22.02.2021

Жамбыл облысы Жаңатас қаласында өрттің салдарынан бес баласы қайтыс болған отбасына үш бөлмелі пәтер берілді. Жергілікті кәсіпкерлер үйге қажетті жиһаз бен техника әпермек. Ал, өрттің шығуына алдын ала болжам бойынша балалардың сіріңкемен ойнағаны себеп болуы мүмкін. «Алайда, нақты себебі сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады», деді облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек. Қалың елдің қабырғасын қайыстырған төтенше жағдайдың жай-жапсары тексеріліп жатыр

Ұлан Жазылбек, облыс әкімінің орынбасары:
Қайғы болған отбасына көмек көрсетіліп жатыр. Жерлеуге байланысты ұйымдастыру жұмыстары атқарылуда.

Теміртауда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 6 адам құтқарылды. Олардың екеуі балалар. Тілсіз жау екінші қабаттағы пәтердің 8 шаршы метр аумағын шарпыған. Еден мен ағаш қабырғалар жанып, оттың қызуы өрт сөндірушілердің жұмысына айтарлықтай кедергі келтірді. Зардап шеккендер жоқ.

Алданыш Рахтаев, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі командирінің орынбасары:
Алғашқы әрекеттер тұрғындарды эвакуациялауға, іштегілерді құтқаруға бағытталды. Өртті сөндіру қатты түтінмен және жоғарғы температурамен қиындады. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.


Хабарламаларға жазылу