Байқоңырда жоғалған баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байқоңырда жоғалған баланы іздестіру жұмыстары жалғасуда

22.02.2021

Байқоңыр қаласында із-түссіз жоғалып кеткен екі баланың бірі өкінішке орай өлі табылды. Құтқарушылар 2013 жылы туған жасөспірімнің мүрдесін Сырдария өзенінен алып шықты.

Айта кетейік, екі оқушы 20-шы ақпан күні таңғы 10:30-да «Маяк» спорт кешенінен шығып, үйіне сол күйі оралмаған. Қайтыс болған Ерхан Анас есімді баланың мүрдесін ресейлік тікұшақ өзен жиегіндегі мұздақтан байқап қалған. Бүгін медициналық экспертиза жасөспірімінің денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ деп қорытынды берді. Екі бала дария жағалауында ойнап жүріп суға батып кетуі мүмкін деген болжам айтылуда. Дегенмен, бұл қайғылы жағдайға байланысты Ресейдің ішкі істер органы қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Ал екінші жасөспірім әлі іздестіріліп жатыр.

Саид Молдақараев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Қаланың ішінде де, Сырдарияның жағалауларында да іздестіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы іздестіруге 267 адам қатысты. Жедел құтқару жасағының қызметкерлері әлде де іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірге, нәтижесіз.

Әділбек Серікұлы




Хабарламаларға жазылу