Жаңатастағы 5 баланың өлімі: «Birgemiz» қоры қаржылай көмек көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңатастағы 5 баланың өлімі: «Birgemiz» қоры қаржылай көмек көрсетеді

22.02.2021

Жамбыл облысы Жаңатас қаласындағы үйде өрттің шығуына алдын ала болжам бойынша балалардың сіріңкемен ойнағаны себеп болуы мүмкін. Алайда, нақты себебі сараптама қорытындысын кейін белгілі болады деді облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек. Қалың елдің қабырғасын қайыстырған төтенше жағдайдың жай-жапсары тексеріліп жатыр. Өрттің салдарынан бес баласынан айырылған отбасына «Birgemiz» қоры қаржылай көмек көрсетеді.

Ұлан Жазылбек, облыс әкімінің орынбасары:
Қайғы болған отбасына түрлі көмек көрсетіліп жатыр. Жерлеуге байланысты ұйымдастыру жұмыстары атқаралып жатыр.


Хабарламаларға жазылу